Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Амангелді Жұматаев – жұмыс тәжірибесі мол кәсіподақ көшбасшысы. Еңбек жолын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Восточная» Орталық байыту фабрикасында автоматика құралдарын жөндеу учаскесінің электр слесарі болып бастаған, оның осы кәсіпорындағы жалпы жұмыс өтілі шамамен 30 жылды құрайды.

Амангелді Максимұлы 2010 жылы «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «Восточная» ОБФ қызметкерлерінің кәсіподақ конференциясында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды.

Амангелді Жұматаев 525 қызметкер еңбек ететін ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау және сақтау, өзара түсіністік, сенім мен еңбекке ынталандыру маңызды және мұның барлығы кәсіподақ комитетінің басты міндеті екеніне сенімді.

Ол өзін білікті маман және белсенді кәсіподақ қызметкері ретінде көрсете білді, өз міндеттерін адал атқаруда және байыту фабрикасының еңбек ұжымында беделге ие. Бастауыш ұйым төрағасы кәсіподақ жұмысы адамдармен тікелей байланысқа, оларды құрметтеуге, қызметкерлердің мүдделерін қорғауға және қажетті уақытта қолдауға негізделген деп санайды.

Жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестікте еңбек дауларының алдын алу және реттеу, кәсіподақ мүшелерінің өтініштерін жедел қарау, барлық еңбек ұжымы үшін еңбек жағдайларын және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді жақсарту бойынша бірлескен жұмыс дұрыс жолға қойылған.

Амангелді Жұматаевтың адал еңбегі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді.