Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев салалық кәсіподақ құрамындағы мүшелік ұйым төрағалары және белсенділерімен кездесті.
Басқосуда саладағы кәсіподақ ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берілді, өзекті мәселелер ортаға салынып, талқыланды. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ ұйымы төрағасы Бақыт Мұқашева, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС кәсіподақ ұйымы төрағасы Айбек Әбдреев, «СНПС-АйДанМұнай» АҚ кәсіподақ ұйымы төрағасы Алмас Нұрғалиев ұйымдардағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту бойынша өз ұстанымдарын жеткізді.
Сонымен қатар, аймақтағы мұнай-газ саласының кәсіподақ ұйымдары белсенділері республикалық салалық кәсіподақ төрағасына салалық кәсіподақтың облыстық филиалы жұмысын жетілдіру бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.