«Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық байқауларын ұйымдастыру жұмыстары талқыланды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған “Еңбек жолы” конкурсын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстарды талқылау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың онлайн конференциясы өтті.

Онлайн конференцияға кәсіподақтар тарапынан “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.

Айта кетейік, “Парыз” конкурсына Шымкент қаласы бойынша 13 мекеме үміткер болып тіркелген, оның ішінде “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын” номинациясы бойынша 10 мекеме, “Әлеуметтік жауапты кәсіпорын” номинациясына бір мекеме, “Үздік ұжымдық шарт” номинациясы бойынша екі мекеме және “Экологияға қосқан үлесі үшін” номинациясына бір мекеме құжат тапсырған.

Кәсіподағы бар екі мекеме – “Петро Қазақстан Ойл Продактс” ЖШС және “Су ресурстары маркетинг” ЖШС “Үздік ұжымдық шарт” номинациясына және “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын” номинациясына үміткер болып тіркелген.