ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық қызмет» жаңа бастауыш ұйымы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының филиалының құрамына қосылды. «Дипломатиялық қызмет» жаңа бастауыш ұйымында 148 кәсіподақ мүшесі бар.
Филиалдың төрағасы А.Нұрланов және кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Қожахметова ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойып, алда бірлесіп жұмыс істейтіндеріне ниеттерін білдірді.
Екі тарап кәсіподақтың алда атқарылатын жұмыстарын талқылап, жоспарларымен бөлісті. Аталмыш ұйымның төрайымына «Мемлекеттік кәсіподақ үздігі» төсбелгісі мен Салалық кәсіподақтың ережесі және «Профсоюзы: теория и практика» кітабы табысталды.