Кәсіподақ зағип жандарға қолдау көрсетеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандар үшін сенсорлық ұялы телефонды дауыстық сүйемелдеумен пайдалануға оқыту курстарын бастады.

«Кітапхана қызметкері Марина Шапошникова дауыстық сүйемелдеудің көмегімен телефонды қолдануды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар интернетті және әртүрлі қосымшаларды пайдалануды үйретеді. Оқырмандар мұнда интернет, әлеуметтік желіні пайдалануды және тағы басқа қосымшаларды қолдануды үйренеді. Соңғы төрт жыл ішінде курста 50 адам оқытылды», – дейді Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың директоры Ғалым Нұрланов.

Оқыту курсына қатысқан оқырмандар жыл сайын өткізілетін «Ақ таяқ» фестивалі аясында өтетін «Алты нүкте арқылы білімге» байқауына қатысып бақ сынайды.