Цифрландыру – қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысының жаңа тәсілі

2021 жылғы 15 шілдеде Құқықтық комиссияның басшысы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың төрағалығымен Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің құқықтық комиссиясы жұмысына цифрлық құралдарды жедел енгізу қажеттілігі мәселесі бойынша практикалық кеңес өтті.

Кездесу барысында «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының талдаушысы Ерік Батырханов орталықпен арнайы әзірлеген kazkenes.kz. порталын пайдалану бойынша оқыту жүргізді.

Портал қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық кеңестер институтын дамыту, атап айтқанда, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар және халық арасындағы байланыстың тиімділігін арттыру болып табылады.

«Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының Президенті, өңірдің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлнара Құрбанбаева аталған порталдың өзекті болып табылатынын және уақыт талаптарына сай келетінін атап өтті, сондай-ақ қосымшаны пайдалану ыңғайлылығын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Наталья Вшивцева практика жүзінде тестілік режимде жеке кабинетте кеңес материалдарын орналастыру және онлайн отырыстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізді.

Пандемия барлық қызмет салаларының жұмысына әсер етті және қазір жаңа білім мен дағдыларды үйрену – заман талабы. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық кеңестерінің барлық мүшелеріне Қоғамдық кеңестер қызметін цифрландыруды дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға және порталдың тиімділігіне жеке көз жеткізуге кеңес беріледі.

Айта кетейік, осыған дейін ZOOM платформасында онлайн режимде Қоғамдық кеңестердің қызметін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңес өткен болатын және Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері жаңа цифрлық платформаның функционалын бірінші болып сынап көрді.