Еңбек қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

“Оңтүстік Жарық Транс” ЖШС ғимаратында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы мен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы бірігіп, энергетика саласының техника қауіпсіздігі мамандарына, сонымен бірге кәсіподақ мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өткізді.

Семинарда еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ ұйымдарын ашу жөніндегі мәселелер қозғалды.