ҚРКФ Заң клиникасының Павлодардағы филиалы кәсіподақ мүшелерін online форматта қабылдайды

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік-консультациялық қызметтер көрсету және қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы ашылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалының мекенжайы: Павлодар қаласы, “Кәсіподақтар Үйі” ғимараты, 2а кабинет.

Қазақстан Республикасының халқы арасында Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында “Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қаулысымен кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалар үшін қандай да бір іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

ҚРКФ Заң клиникасы туралы Ережеге сәйкес шектеу карантиндік шаралардың қолданылу кезеңіндегі барлық қызметтер бейнеконференц және телекоммуникация құралдары арқылы жүргізіледі. Кәсіподақ мүшелері тәулік бойы 87088614656 жедел желі телефонына хабарласу арқылы практикалық, тегін заңгерлік (кеңестік) көмек алуға жүгінуге құқылы.

Кәсіподақ мүшелерін онлайн қабылдауды салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдары филиалдарының, облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшылары, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар жүргізеді.

Павлодарда ҚРКФ Заң клиникасының жұмысы басталған күннен бастап 127 кәсіподақ мүшесі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.

2021 жылғы 19 шілдеде ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жедел желісіне кәсіподақ мүшесінің жұмыс орны бойынша өзі келіспеген қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуына байланысты еңбек құқықтарын түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Жүгінген кәсіподақ мүшесіне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онлайн консультация берілді, еңбек дауын бейбіт жолмен реттеу үшін медиация рәсімі ұсынылды. Келіп түскен өтініш толық шешілгенге дейін тұрақты бақылауға тіркелген.