Еңбек ұжымында өзекті мәселелер қаралды

“Қазақстан Темір жолы” АҚ Шымкент жол бөлімшесінің Шымкент стансасы кәсіподақ мүшелеріне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов бірігіп еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өткізді.

Семинарда еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ ұйымдарын ашу жөніндегі мәселелер қозғалды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 400 мыңға жуық еңбекке қабілетті адам бар, оның 225 мыңы тұрақты еңбек шартымен жұмыс істейді. Былтыр 800 ғана жұмыс беруші орында кәсіподақ құрылған болса, биылғы санақ бойынша 1410 жұмыс беруші орында кәсіподақ құрылған.