Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы «Диевская» ауыл шаруашылық кәсіпорнында бастауыш ұйым құрылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Диевская» ЖШС-де машина-трактор шеберханасы, көлік паркі, №1, №2 бөлімдер, орталық ток, астық қабылдау пункті жұмысшыларымен кездесу өткізілді.

Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының төрайымы Зауре Жұмабекова филиалдың қызметі, кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

Кәсіподақ төрағасы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары туралы» Заңын, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі мен орны, ұжымдық шарттар жасасудың маңыздылығы, кәсіподақ белсенділері мен келісім комиссиясының мүшелерін оқыту және тәрбиелеу бойынша толық ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Диевская» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті ұсынған жұмысшылар өкілдері арасында ұжымдық шарт жасасу мәселесіне қатысушылар тарапынан қолдау танытылды.

Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері  Қостанай облысындағы «Ауыл шаруашылық жұмысшыларының салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі филиалының құрылымына кіруге бірауыздан шешім қабылдады.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауымен маңызды. Сонымен, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, ұжымдық шарт жасасу арқылы жұмысшылар мен әкімшілік арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.