Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Еңбеккер бейнесі” республикалық акциясы шеңберінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында еңбегі жоғары лайықты бағаға ие болған еңбек адамдары туралы айтуды жалғастыруда.
Мерц Закия Саясатқызы Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттық құжаттама басқармасының Павел Васильев музей-үйінің директоры болып жұмыс істейді. “Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподағының белсенді мүшесі болып табылады. Оның жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, мәдениет саласында – 26 жыл.
Павлодар қаласында 1994 жылдан бастап көрнекті ақын Павел Николаевич Васильевтің музей-үйі орналасқан, оның поэтикалық мұрасы 200-ден астам өлең мен 14 поэманы құрайды. Шағын аумақта 2000-нан астам экспонат орналастырылған, атақты ақынның библиографиялық материалы мен әдеби мұрасы шоғырланған.
Павел Васильевтің музей-үйі ақынның шығармашылық мұрасын Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде зерттеу жөніндегі әдістемелік орталық болып табылады. З.С.Мерцтің жетекшілігімен музей-үйде ғылыми-практикалық конференциялар, облыстық мәнерлеп оқу және композиторлар конкурстары, жастарға эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру мақсатында дәрістер өткізіледі.
Әр жылдары Закия Саясатқызы Рязань, Алматы, Астана, Санкт-Петербург, Павлодар қалаларында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты. 2019 жылы Владивосток қаласында өткен “Тынық мұхит Ресей әдебиеті” фестивалі аясында Васильев оқуларында модератор болды.
Мәдениет саласындағы көп жылғы табысты еңбегі үшін Закия Саясатқызы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Павлодар қаласы әкімінің, Павлодар облысы мәдениет департаментінің дипломдарымен, Павлодар қаласы мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен, Ресей Федерациясының Пушкин медалімен мемлекеттік наградасымен, В.К.Арсентьевтің естелік медалімен, Омбы мемлекеттік университетінің және Омбы қаласының муниципалды кітапханаларының орталықтандырылған жүйесінің, Санкт-Петербург БК алғыс хаттарымен марапатталды.
2021 жылғы 20 шілдеде “Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалы төрағасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет үздігі” төсбелгісімен Мерц Закия Саясатқызын марапаттау рәсімі өтті.