«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының өкілдері Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ ұжымының мүшелерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заң бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2021 жылғы 6 айдағы Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың ұжымдық шарт жасасуы, кәсіпорындардағы жалақы қарыздары және орын алған жазатайым оқиғалар жөніндегі ақпараттармен таныстырды.
Нәтижесінде, Шымкент қаласының ситуациялық орталығында жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, мекемеде жұмыс жасап жатқан 42 адам немесе 100% жұмыскерлер кәсіподақ мүшелігіне тартылды.
Кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысында кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Дидар Оразбекқызы Мақашова және тексеру комиссиясының төрайымы болып Тоғжан Маратқызы Әбіш сайланды.
Шымкент қаласының ситуациялық орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Дидар Мақашова және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен бірге, жұмыс беруші тарапынан орталықтың басшысы Азат Амиртаев және жұмыскерлер немесе қызметкерлер (кәсіподақ) тарапынан кәсіподақ ұйымының төрайымы Дидар Мақашова жалпы жиналыста қабылданған ұжымдық шартқа қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізді.