Кеңесте әлеуметтік көмек мәселесі қаралды

2021 жылдың 22 шілдесінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің» кезекті отырысы өтті.

Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасыБауыржан  Қуанышбеков жүргізді.

Қаладағы эпидемологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіліп отырған жиынға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов кеңес мүшесі ретінде қашықтықтан қатысты.

Кеңес отырысында Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнеткерлік жастағы адамдарға жасалынып отырған көмек туралы баяндады.

Кеңес мүшелері тарапынан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының алдағы 5 жылға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған «Жол картасындағы» негізгі индикаторларды орындау барысы бойынша ұсыныстар айтылып, сайлауалды бағдарламаның орындалуы үшін белсенді жұмыс атқаруға шақырды.