Елена Перелевская – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін «Қарағанды қаласының №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы және де еңбек қатынастарындағы әртүрлі жағдайларды әрдайым түсініп, дұрыс кеңес беріп, уақтылы қолдау көрсететін кәсіподақ көшбасшысы.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – бұл білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қорғау ғана емес, бұл еңбек жағдайын жақсартуға, ұжымды біріктіруге және қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға тырысатын бірегей ұйым.
«№10 ЖББМ» КММ-де 25 жыл жұмыс істеген уақыт аралығында ол өзін сауатты және білікті маман, әріптестеріне мұқият және қамқор екенін көрсете білді. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы мектеп әкімшілігімен тығыз ынтымақтастықты дамыта отырып, білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен кепілдіктерін жақсартатын Ұжымдық шарт жасады. Кәсіподақ комитеті ұжымдағы еңбек дауларына еңбек заңнамасын, келісім комиссиясын, ұжымдық шартты түсіндіру деңгейінде жауап береді, қызметкерлердің мүддесі үшін сауатты және салмақты шешімдер қабылдайды.
Кез келген кәсіподақ ұйымы өз қызметкерлерімен мықты екені сөзсіз. №10 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы – тату әрі ұйымшыл ұжым. Кәсіподақ комитетінің барлық мүшелері еңбек ұжымын тек кәсіби қызметімен ғана емес, сонымен қатар белсенді және денсаулыққа пайдалы демалыспен біріктіруге тырысады. Бірлескен іс-шаралар шығармашылықпен өтеді. Жеңіс күнін, Халықаралық қарттар күнін мерекелеуге орай педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылады.
Кәсіподақ комитеті ұжымды біріктіруде үлкен рөл атқарады. Өзінің кәсіподақ жетекшісімен бірге табиғатқа ұжымдық шығуды ұйымдастыруға қатысады.
«Кәсіподақ комитеті – бұл ең алдымен еңбеккерлердің сұрақтарына жауап беретін адамдар ұжымы», – деп есептейді «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ қызметкерлері.
Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Елена Перелевская Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.