Кәсіподақ өкілі жастармен кездесті

Темір аудандық мəдениет үйіндегі коворкинг орталығында “Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы М.Сағындықова аудандағы жас мамандармен кездесті.

Іс-шара барысында жас мамандарға кәсіподақ ұйымдарының мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.

Кездесуде облыстық филиал жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссия төрайымы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, ҚРКФ «30 еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы Гулмира Низарова жас мамандармен өз жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында көкейлерінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алған жастар ризашылықтарын білдірді. Өз кезегінде М.Сағындықова жас кәсіподақ мүшелеріне жауапкершілігі мол қызметтеріне сəттілік тіледі.