Тамыз айының бірінші жексенбісінде Көлік қызметкерлері күні атап өтіледі

“Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары Рафаил Сабаровтың төрағалығымен теміржолшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша белсенді кәсіподақ қызметін жүргізуде.

Филиал 19 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны – 6000-нан астам адам (жұмыс істейтіндердің 97% құрайды). Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды кәсіподақ сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі 77 техникалық инспектор жүзеге асырады, жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиялары жұмыс істейді. Әр кәсіпорында 19 өндірістік кеңестер құрылды.

“Қазақстан Темір жолы” АҚ Ұжымдық шарты еңбек заңнамасында көзделмеген қосымша жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер спектрін қамтиды, мысалы, жұмыскер кезекті еңбек демалысына шыққан кезде лауазымдық айлықақы немесе айлық тарифтік мөлшерлеме мөлшерінде материалдық көмек көрсету, отбасы күніне орай төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы қызметкерлерге және 2 және одан да көп баласы бар жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге 4 АЕК мөлшерінде көмек көрсету, 3,4,5 класты станцияда, озу пункттері мен разъездерде жұмыс істеуге келген жас теміржолшы мамандарға 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсету көзделген, сондай-ақ оларға жұмыстың алғашқы екі жылы ішінде тарифтік мөлшерлемелерге (айлықақыларға) 20 пайыздық үстемеақы жүргізіледі. Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес теміржол бағытындағы жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қызметкерлер мен олардың балаларын оқытуға қаражат бөлу көзделген.

Жыл сайын компания бюджетінде Жастар күніне бөлінген қаражат шегінде “Мерейлі жас теміржол отбасы” конкурсының жеңімпаздары деп танылған компания филиалдары қызметкерлерінің жас отбасыларына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, теміржол көлігінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және лауазымдық жалақысы 60 еселенген АЕК-тен төмен қызметкерлерге медициналық көрсетілімдер, толтырылған санаториялық карталар, жолдама үшін төленген шоттар болған кезде 60 еселенген АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсету қарастырылған.

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 32-ӨСБ жол шебері Серік Ахановты, 13-эч-5 Ақсу электр монтері Төлеу Байбатинді, 3-НОДГП өндірістік бөлімінің жетекші инженері  Николай Гайнутдиновті, Май ВЧДЭ-16 КП вагондарды аға тексеруші-жөндеуші Қайрат  Жекеновты, еңбек ардагері Серік Сейсембаевты алғыс хаттармен марапаттады.

Карантиндік шектеулерге байланысты марапаттар тікелей жұмыс орындарындағы өндіріс озаттарына беріледі.