Жұмыскерлердің жазғы демалысы – кәсіподақтың қамқорлығы

Ақтөбе автожол колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйыдастыруға ұдайы үлес қосады.
Таяуда оқу орнының жұмыскері Нұршат Қалиева кәсіподақтық “Щучинск” демалыс орталығында тынығып қайтты.
Нұршат Тұрарқызы автожол колледжінде 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Шәкірттері талай облыстық, республикалық байқауларда биік белестерді бағындырып жүр. Өзі де оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласады. Биыл ұстаз жемқорлыққа қарсы күреске арналған облыстық сайысқа қатысты. Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған педагогқа кәсіподақ шипажайына жолдама қоса табыс етілген болатын.