Павлодарда еңбек даулары бойынша теория мен тәжірибе ұштастырылған семинар болып өтті

Павлодар қалалық сотымен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде шешімдері заңды күшіне енген Еңбек даулары бойынша нақты азаматтық істерді кейстік талдау мысалдарында еңбек заңнамасының негіздеріне оқытуды көздейтін “теориядан практикаға” атты жоба бойынша семинар сабағы өтті.

Онлайн семинарға қалалық сот судьялары, облыстық мәслихат депутаттары және Павлодар облысының кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Онлайн-семинардың спикерлері: қалалық соттың судьялары болды.

Оқыту семинарының жаңа форматы еңбек заңнамасын зерделеу және Келісім комиссиясы сатысында сотқа жүгінгенге дейін қызметкерлердің өтініштерін шешу үшін қажет.

Іс-шара соңында қатысушылар осы жоба ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, әрқашан өз білімдерін жетілдіру қажеттігін және тек тұрақты тәжірибе ғана тиімді жұмысқа қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.