Еңбеккер құқығы – маңызды мәселе

08.07.2021 күні Арыс-Шымкент бағытының ПЧ-53 жол шаруашылығының 120-ға жуық қызметкері ай сайынғы жалақы мөлшерін 100%-ға арттыру туралы талаптармен наразылық білдірген болатын. Өз талаптарын жариялағаннан жарты сағаттан соң олар егер 10 күн ішінде талаптары орындалмаса, қайтадан наразылыққа шығатынын мәлімдеген. Компания басшылығымен жолыққан жұмысшылар бұдан бөлек тағы бірқатар талаптарды қойған.
Жұмысшылардың талабы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бақылауына алынып, еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев осы еңбек дауына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бауыржан Ілімшеұлының мәлімдеуінше, Шымкент филиалы теміржол кәсіпорындары кәсіподағының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Филиал төрағасы кәсіподақ және цехком төрағаларымен бірге кәсіпорындарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік мәселелерді жергілікті жерлерде шешуге тырысады. 2020 жылдың басында кәсіподақтың Орталық кеңесіне 400-ден астам қызметкердің қолы қойылған жалақыны көтеру туралы хат жіберілді.

2020 жылғы наурызда “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің отырысында Шымкент филиалы, Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге байланысты Шымкент қаласының теміржол кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы мәселені көтерді.
Кәсіподақтың Орталық Кеңесі теміржолшыларының жалақысын көтеру туралы “ҚТЖ “ҰК” АҚ-на ұсыныс жасады.
2021 жылы қызметкерлердің өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында компания жалақыны көтерді, оның ішінде:
1. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
– өндірістік персоналдың жалақысы 10% – ға артты;
– 2020 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша желілік қызметкерлерге 42500 теңге (1 АЕК) мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді;
– Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге байланысты Шымкент қаласының өндірістік персоналының жалақысы өңірдегі жалақының 14% – ға өсуімен Алматы қаласының деңгейіне теңестірілген;
2. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап:
– компания басқармасы Шымкент өңірінің қызметкерлерін №4 тарифтік кестеден (өңірлік коэффициент 1,1) №1 тарифтік кестеге (өңірлік коэффициент 1,15) ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл шара жалақыны 5% – ға арттыруға мүмкіндік берді.
– тарифтік кестелерден базалық лаг алынып тасталды. Бұрын базалық лагта болған жұмысшылар келесі жоғары лагқа ауыстырылды, өсім орташа есеппен 2,4% құрады.
3. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап:
– компания қызметкерлерінің жалақысын 10% – ға көтеру туралы шешім қабылдады.
– “Көлік қызметкерлері күніне” кем дегенде 42500 теңге (1 АЕК) көлемінде сыйақы төленді. Сондай-ақ, желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1 АЕК мөлшерінде сыйақы төленетін болады.
2021-2023 жылдарға жасалған жаңа Ұжымдық шартқа өзгерістер енгізілді. 2021 жылғы маусымнан бастап қызметкерлерге қосымша ақы: станцияларда 3, 4, 5-санатты, разъездерде, жақын маңдағы ауылдық округтерде тұратын және осы станциялар мен разъездерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленіп жатыр.
Сондай-ақ лауазымдардың жекелеген санаттары үшін зейнеткерлік жасты төмендету туралы мәселе көтеріліп жатыр. Осы мәселелер бойынша жалпы жұмыс жүргізілуде, салалық зейнетақыны кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі комиссия жол монтерлері, жасанды құрылыстарды жөндеушілер, жол бригадирлері, байланыс желісінің 60 жасқа толған электр монтерлері үшін заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін айына 30 АЕК мөлшерінде салалық жәрдемақы тағайындау туралы мәселені қарайтын болады. Бұл ретте үш жыл ішінде 871 адамның мерзімінен бұрын зейнетке шығуы үшін 567 млн.теңге көлемінде ақшалай қаражат қажет.
Компанияда 2020 жылдан бастап ерте зейнетке шығу бағдарламасы жұмыс істеп келеді, оған сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 5 немесе одан да аз жыл (ерекше жағдайларда 6 және одан да аз жыл) қалған зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлер ерте зейнетке шығуға үміткер бола алады.
Компанияның қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ерте комиссияға жіберу шарттарының бірі жол монтерлеріне, жасанды құрылыстарды жөндеушілерге, жол бригадирлеріне, байланыс желісінің 60 жасқа толған электромонтерлеріне Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін және жұмыскермен еңбек шартын бұзғанға дейін айына 30 АЕК мөлшерінде салалық жәрдемақы тағайындау туралы мәселені қарау болып табылады. Бағдарламада сондай-ақ қызметкер жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда қызметкелерді лауазымын қысқарту есебінен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерді ротациялау арқылы басқа лауазымды оңтайландыру есебінен ерте зейнетке шығу мүмкіндігі көзделген.
Жоғары және төмен температураларда жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу үшін метеорологиялық станциялары жоқ жерлерде станция бастығының атынан анықтама беру мүмкіндігі туралы мәселе шешілуде.
2021 жылғы 27 шілдеде кәсіподақтың Шымкент филиалының өткен мәжілісінде кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына Ұжымдық шарттың бөлімдері бойынша, кәсіпорын қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы және корпоративтік мәдениетті, компания қызметкерлерінің мінез-құлық этикасы кодексінің нормалары мен талаптарын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау берілді.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы бойынша Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жыл басынан бері 10 отырысы өткізілді.
Оның ішінде екеуі көшпелі отырыс ретінде:
– «Shymkent Bus» БК ЖШС-де
– «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында, кәсіподақтар орталығы басшысы Б.Әлтеевтің төрағалығымен өтті.
Осы күнге дейін өткен үшжақты комиссия отырыстарында жалпы 34 мәселе қаралған, оның ішінде кәсіподақтар орталығының комиссия қарауына 15 мәселе ұсынылған. Ұсынылған 15 мәселенің кезек күттірмейтін 7 мәселесі өз шешімін тауып отыр, олар:
1) «Shymkent Bus» БК ЖШС мәселесі
2) Қала аумағындағы балабақшалардағы жалақы және еңбек дауы мәселелері;
3) Қала мектептеріндегі карантиндік талаптарды сақтау бойынша жосықсыз тексерулер;
4) Шымкент қаласындағы Өлкетану орталығы және №1, №2, №4 саз мектептеріне ғимарат салу мәселесі;
5) Мәдениет саласындағы тех қызметкерлерді (еден жуушылар, аула сыпырушылар және күзетшілер) аутосорсингке жіберу мәселесі;
6) Қала аумағындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қарастыру мәселесі.
7) ҚТЖ АҚ-ғың Шымкент қаласындағы теміржол жұмысшыларының еңбек талаптарын қою. (еңбек жалақысын көтеру, т.с.с. мәселелер)
Одан бөлек тағы 4 мәселе өз шешімін күтуде, бұлар:
1) Қаладағы мектеп кітапханашылардың жалақы көтеру туралы мәселесі;
2) Коммуналдық қызметкерлер үшін қала аумағында биодәретханалар орнату мәселесі;
3) Кіші буынды медицина саласының қызметкерлері және медицина мамандығына жатпайтын қызметкерлердің жалақы көтеру мәселесі;
4) Ұжымдық шартты пайыздық мөлшерін статистикаға сүйене отырып, қайта есептеу.
2021 жылдың басынан бері «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Южказпрофсервис» ұжымына және салалық кәсіподақтар филиалдарына еңбек және техника қауіпсіздігі бойынша 1 семинар оқыту жұмысы және «Altyn Enbek» оқыту орталығының 1 вебинар сабағы өткізілді.

Сонымен бірге «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында 38 мекемеде еңбек ұжымдарына еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың маусым айының 24 мен шілде айының 1 аралығында салалық кәсіподақтар филиалдарының БКҰ-на Кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастырған семинарға қатысып, білімін жетілдірді.
29.06.2021 ж өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысында Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары қабылданды.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қауіпсіздігінен ескерту алған және жазатайым оқиғалар орын алған 53 мекеменің тізімін дайындап қойды, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап сол мекемелерде еңбек қауіпіздігі бойынша іс шаралар өткізілуде.
Сонымен қатар, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Татуластыру орталығында» 2021 жылы жалпы саны 169 адамға тегін кеңес беріліп, 141-і келісім жасалған, оның 83-і азаматтық және қылмыстық істер бойынша, 38-і психологиялық көмек алғаны.
2021 жылы Еңбек инспекциясынан келіп түскен 67 арыз болса, оның 28-і келісіммен аяқталған.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі
#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы