Шымкенттік теміржолшылардың айлығы 10 пайызға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев шілде айынан бастап шымкенттік теміржолшылардың еңбекақысы 10 пайызға өсірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бауыржан Әлтеевтің жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтқан мәліметіне сүйенсек, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына қарасты Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлерінің айлығын 1 шілдеден бастап 10%-ға көтеру туралы шешім қабылданған. «Көлік қызметкерлері күніне» орай кем дегенде 42500 теңге көлемінде сыйақы төленді. Сондай-ақ, желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1 АЕК (42500 теңге) мөлшерінде сыйақы төленеді. 2021-2023 жылдарға жасалған жаңа ұжымдық шартқа өзгерістер енгізілді. 2021 жылғы маусымнан бастап станцияларда, разъездерде, жақын маңдағы ауылдық округтерде тұратын және осы станциялар мен разъездерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленіп жатыр», – деді кәсіподақ басшысы.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/shymkenttik-temirzholshylardyn-aylygy-10-payyzga-koterildi_a3821079