“Қазақстан электролиз зауыты”АҚ кәсіподақ комитеті көмегімен Лесная көшесі, 12а және 12б мекен-жайындағы үйлердің ауласындағы алаңдар толық жөнделді.
Жаңа әткеншектер мен төбешіктер қойылды, футбол алаңында күрделі жөндеу жүргізілді, құмсалғыш – күннен көлеңкелі жерге ауыстырылды, жаңа тартан жабыны орнатылды.
Негізінен Металлургтер отбасылары тұратын Лесная көшесіндегі үйлердің ауласындағы шағын кешенді “Қазақстан электролиз зауыты” кәсіподақ комитетінің есебінен жөндеу туралы шешім қабылданды.
“Кәсіподақ ақшалай қаражат бөлді, жөндеуге біздің зауыт жұмысшылары қатысты”, – деп атап өтті “Қазақстан электролиз зауыты”АҚ президенті Серік Дөнбекбаев.
-Кәсіпорын әкімшілігімен бірге зауыттың кәсіподақ комитеті аумақты абаттандыруға ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Балалар ойын алаңы үшін: төбешіктер, әткеншектер, тіпті бұрын болмаған әткеншектер де сатып алынды, – деп түсіндірді “Қазақстан электролиз зауыты”АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Клименко.
«Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің
Баспасөз қызметі