Елімізде дәстүрлі түрде тамыз айының екінші жексенбісі «Қазақстан құрылысшылар күні» деп жарияланып, кәсіби мереке аталып келеді. Құрылыс индустриясы – ел экономикасының іргетасы. Өңірдің экономикалық әлеуетін жақсартуға ерекше үлес қосып жүрген кәсіпорындардың бірі – «Акпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің 100-ден астам жұмысшысы ҚР Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе филилалына мүше. Кәсіби мереке қарсаңында еңбекте үздік шыққан бір топ құрылысшыны Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрағасы К.Коктов құттықтады.
Құрылыс саласында ұзақ жылдар жұмыс жасап келе жатқан үш үздік еңбеккер Салалық кәсіподақтың « Елеулі еңбегі үшін » төс белгісімен марапатталды.
«Акпром» серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Булах алғыс хаттар табыс етті. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға орай құттықтау рәсімі барлық санитарлық талаптарға сай, ашық аспан астында, өндіріс нысанында өтті.
«Сүйікті қаламыз Ақтөбе жыл сайын көркейіп, түрлі ғимараттар бой көтеріп келеді, Әсіресе индустриальды қалада бой көтерген, пайдалануға берілген әрбір ірі өндіріс нысандарында «Акпром» құрылысшыларының қолтаңбасы бар.Құрылысшы еңбегі қашан да құрметке лайық», –деп атап өтті салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалалының төрағасы Қуанбай Коктов.