Байқау-конкурстың қорытындысы шығарылды

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Салалық кәсіподақ Кеңесінің арнайы отырысында онлайн режимінде Күшті бастауыш – мықты кәсіподақ” республикалық байқау-конкурсының 2-кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Бастапқыда байқау-конкурсты көшпелі форматта Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) өткізу жоспарланған болатын. Бірақ Қазақстанның көптеген облыстарындағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде қорытынды шығару туралы шешім қабылданды.

Байқау 4 номинацияны қарастырады:” Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы”,” Саланың үздік филиалы”,” Үздік кәсіподақ көшбасшысы”,”Үздік жастар көшбасшысы”. Бұл ретте Кәсіподақ және кәсіби қызметтегі жетістіктер, өз өңірінің қоғамдық өміріне қатысу, әлеуметтік әріптестік саласындағы белсенді жұмыс, жеке жетістіктер және сертификаттар мен наградалардың болуы жөніндегі критерийлер ескерілді.

Салалық кәсіподақтың әрбір филиалы бірінші кезеңде өз өңірінің үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарын анықтап, екінші іріктеу кезеңіне қатысты. Бұл ретте байқау-конкурсқа қатысушылар барлық материалдарды ағымдағы жағдайды ескере отырып, электрондық нұсқада ұсынды.

2020-2021 жж. қызметінің қорытындысы бойынша саланың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары болып танылды:

– МКҚК «Астаналық цирк» (Нұр-Сұлтан қ. филиалы);

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ (Алматы қ. филиалы);

– М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы КММ  (Ақмола облыстық филиалы);

– КММ «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» (Ақтөбе облыстық филиалы);

– Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі (Ақтөбе облыстық филиалы);

– «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК (Алматы облыстық филиалы);

– «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК (Атырау облыстық филиалы);

– Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ (Шығыс Қазақстан облыстық филиалы);

– ШҚО, Тарбағатай ауданы «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК (Шығыс Қазақстан облыстық филиалы);

– Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының  «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі КММ (Шығыс Қазақстан облыстық филиалы);

– «Тараз қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ (Жамбыл облыстық филиалы);

– «Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ (Батыс Қазақстан облыстық филиалы);

– Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы КМҚК (Қарағанды облыстық филиалы);

– Қостанай облысы, Жангелдин ауданының мәдениет, тілдердідамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі ММ (Қостанай облыстық филиалы);

– Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ «Аудандық мәдениет сарайы» МКҚК (Қостанай облыстық филиалы);

– Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «№6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірім мектебі» КММ (Қызылорда облыстық филиалы);

– М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы МКҚК (Маңғыстау облыстық филиалы);

– «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры» МКҚК (Маңғыстау облыстық филиалы);

– Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі МКҚК (Маңғыстау облыстық филиалы);

– Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы МКҚК (Павлодар облыстық филиалы);

– Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы);

– Қазығурт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі КММ (Түркістан облыстық филиалы).

“Саланың үздік филиалы” номинациясында үздік деп танылғандар:

Мәдениет бойынша бас жүлде – Ақтөбе облыстық филиалы;

Туризм және спорт бойынша бас жүлде – Қарағанды облыстық филиалы;

1 – ші орын – Жамбыл облыстық филиалы;

2 – ші орын – Батыс Қазақстан облыстық филиалы;

3 – ші орын – Нұр-сұлтан қ. филиалы.

“Үздік кәсіподақ көшбасшысы” номинациясы бойынша құрмет дипломдарымен марапатталды

Филиалдардың барлық төрағалары арасында үздік деп танылды:

– Нұргүл Әментайқызы Каирденова – Павлодар облыстық филиалы төрайымының м.а.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында үздік:

– Анар Мұратқызы Мусина – МКҚК «Астаналық цирк» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;

– Кульзада Нығметжанқызы Мұхамедкалиева – М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы КММ БКҰ төрайымы;

– Марина Николаевна Подгайнова – Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы БКҰ төрайымы;

– Гульниса Тлебалдыевна Садыкова – К. Қожамияров атындағы Мемлекеттік Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының БКҰ төрайымы;

– Шинар Мұратқызы Устенбекова – Нұр-Сұлтан қ. әкімшілігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» БКҰ төрайымы.

Республикалық байқау-конкурстың “Үздік жастар көшбасшысы” номинациясы бойынша үздіктер арасында марапатталды:

– Дарья Юрьевна Торчевская – СҚО “Қызылжар аудандық мәдениет үйі” МКҚК көркемдікжетекшісі;

– Жадыра Серикбаевна Шингисова – “Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ, автоматтандыру бөлімінің бас  маманы;

– Елжан Жүнісұлы Сансызбаев – “Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесінің тарихы мұражайы” КММ, ғылыми қызметкері;

– Диана Абдижамаловна Кошкинова – педагог-психолог, №7 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақмола облысы;

– Асель Абаевна Абылкасова – М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы;

– Нурланқызы Бекзат – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының “Тараз қаласының мемлекеттік мұрағаты” КММ директорының орынбасары;

– Есболатқызы Айдана – “Атырау облыстық балалар кітапханасы” КММ әдіскері;

– Асем Аманжоловна Кажыгалиева – ШҚО “Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы” КМҚК көрме-экспозиция жұмысы бойынша маманы;

– Мария Васильевна Сапрыкина – Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 1 санатты кітапханашысы Орал қ.;

– Гулназ Талгатовна Бейсембинова – Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттікқорық-музейінің аға ғылыми қызметкері;

– Эмина Рахметжан – К. Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма актрисасы;

– Аида Талгатовна Шынжирова – сектор меңгерушісі, “Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жастар мәдениет үйі” МКҚК секторы «Салтанат Сарайы»;

– Толғанай Айтболатқызы – директор орынбасары, Шет аудандық орталық тандырылған кітапханалар жүйесі КММ, Қарағанды облысы

– Алимжан Асылханұлы Оралбеков – инженер, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы, Түркестан облысы;

– Мүтән Мейірман Мейрханұлы – музыкалық жетекші, Нағарашы ауылдық мәдениет үйі, Алматы облысы;

– Айымгүл Жаңбырбайқызы Даулбаева – кітапханашы, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;

– Айгерим Муратқызы Әнепияева – дәрежесіз, жоғары деңгейлі кітапханашы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы;

– Мақпал Жанатқызы Тусупбаева – кітапханашы, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы;

– Лаура Ерікқызы Сұлтанбекова – кітапханашы, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ақтөбе облысы;

– Жандос Куанышбекович Адамов – музыкалық  жетекші, С. Торайгыров атындағы КДЦ МККМ, Павлодар облысы;

– Жанузак Сумгатович Макишев – зерде көшпелі бейне мобилінің жетекшісі, Бұқаржыр ауаудандық Мәдениетүйі КМҚК, Қарағанды облысы.

Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар байқау-конкурстың арнайы дипломдарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар мен олардың кәсіби және кәсіподақ жетістіктері туралы барлық ақпарат саланың және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.