Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ ұйымдарына, жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге жұмыс орындарында вирустың таралуын тоқтатып, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеу үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру мәселесі бойынша үндеу жолдаған болатын. Үндеу «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы 36 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары және кәсіподақ мүшелері тарапынан қолдау тапты. Олар алғашқылардың қатарында корононавирус індетіне қарсы екпе салдырып, басқаларын да екпе салдыруға шақырып, белсенді жұмыс жүргізуде.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-дегі 144 адам толығымен немесе 100%-ы, «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-дегі 14 адам толығымен немесе 100%-ы, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-дегі 173 адамның (3 адамның медициналық анықтамасы бар) 166-сы немесе 96%-ы, «Шапағат мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-дегі 43 адамның 40 адамы (3 адамның медициналық анықтамасы бар) немесе 93%-ы, «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ-дегі 26 адамның 24-і (2 адамның медициналық анықтамасы бар) немесе 92,3%-ы, жалпы алғанда 36 мекемеде 2300-ден астам адам немесе ұжым мүшелерінің 96-98%-ы екпе салдырды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі