Ақтөбеде кәсіподақтар қалалық соттардың судьялары бірлесіп, онлайн семинар өткізді. Басқосуға облыстық кəсіподақтар орталығы бастамашылық етті. Онда кəсіподақтар орталығының төрағасы А.Əмірғалиев пен Татуласу орталығының заңгері І.Кенжебаев жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты туындайтын мәселелерді ортаға салды.
Семинарда өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға бойынша бірлескен жұмыстың нəтижесі де айтылды. Жыл басынан бері Татуласу орталығында 13 татуласу рəсімі өткізілген. Оның 7-уі ұжымдық рəсімдер.
Онлайн кездесуде жұмысшылардың еңбек құқығына қатысты ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер де сөз болды.