Еңбек дауларын сотқа дейін реттеу мақсатында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар облыстық сотының өзара іс-қимыл бағыттары кеңейтілді.
Осы мақсатта ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, қызметтің негізгі бағыттары сотқа дейінгі тәртіпте медиатордың қатысуымен еңбек дауларын шешу үшін “Татуласу орталығы” татуластыру орталығының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл, медиация туралы келісім жасасу арқылы еңбек дауларын тоқтатудың артықшылықтары туралы бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жеке дауларды шешу бойынша келісім комиссиясы мүшелерінің білім деңгейін арттыру үшін оқыту іс-шараларын өткізу, еңбек дауларын қарау бойынша сот тәжірибесін жинақтауды пайдалана отырып, оқыту іс-шараларын өткізу, еңбек қатынастары саласындағы мәселелер бойынша азаматтардың бірлескен тақырыптық қабылдауларын өткізуден тұрады.
Меморандумның қолданылу мерзімі ынтымақтастықтың жаңа бағыттары бойынша үш жылға көзделген.