Павлодар облысы бойынша Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері облыстың білім беру нысандарын аралады.
Павлодар облысында 2020-2025 жылдарға арналған “Заманауи мектеп” жобасын іске асыру жалғасуда. Ол күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жергілікті білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейді.
“Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ-нің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Динара Айтжанова Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты С.Абдраманова, қалалық мәслихаттың депутаты К.Қожин, “Nur Otan” партиясының Павлодар қалалық филиалының бірінші орынбасары А.Маликова және облыстық басқарма мен қалалық білім бөлімінің өкілдерімен бірге “Заманауи мектеп” мектептерді жаңғырту жобасы аясында жаңғыртылып жатқан білім беру объектілеріне барды.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мектептерде жаңа стандартқа сәйкес кіру топтары, мектептің іргелес аумағы қайта құрылуда, дене шынықтырумен айналысуға арналған спорт алаңдары, есік-терезелері, спорт залдары жөнделуде, мектеп аумақтарында жаңа брусчатка ауыстырылуда немесе орнатылуда. Кездесу барысында мектеп әкімшілігі тарапынан да, жаңғыртумен айналысатын мердігерлік ұйымдар тарапынан да өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ депутаттарды жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, нысандарды тапсыру мерзімдеріне сәйкестігі қызықтырды.
Білім басқармасында атап өткендей, мердігер ұйымдармен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары әзірленіп, кестелері жасалды, олар әр мектепте кезең-кезеңмен жүргізіледі. Орындалу барысы, барлық ескертулер, оларды жою арнайы журналда тіркеледі, онда мектеп директорларынан басқа техникалық және авторлық қадағалау өкілдері өз белгілерін қояды.
Мониторинг ата-аналар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен де жүргізілді, олардың ескертулері де ескерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мердігерлік ұйымдар үшін де, мектеп басшылығы үшін де жұмыс барысын жеделдету жөнінде бірқатар ұсынымдар берілді. Барлық проблемалық мәселелер бақылауға алынды.