Қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау – әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі басым бағыттар.
2021 жылдың 13 сәуірінен бастап “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС-де “COVID-19” коронавирустық инфекциясына қарсы жаппай вакцинация басталды. Бүгінгі күні 1387 қызметкердің 1191-і қайта вакцинацияланды, бұл ұжымның 86%-ын құрап отыр.
Т.Чигвинцеваның төрағалығымен бастауыш кәсіподақ ұйымы цехтарда вакцинацияның артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өйткені өндірістік ұжымның тұрақты жұмысы үшін вакцинацияланған қызметкерлер инфекциядан сенімді қорғалған.
Кәсіпорында станция қызметкерлерінің температурасын контактісіз термометрлердің көмегімен күнделікті ауысым алдында тексеру жүргізіледі, қолды дезинфекциялау үшін қабырға санитайзерлері мен антисептикалық кілемшелер орнатылды, жұмыскерлерге жеке қорғаныс құралдары беріледі. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің талаптарын ескере отырып, станция аумағында әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер қарастырылған, жұқтырудың алдын алу туралы ақпарат орналастырылған.