Жол картасы Өндірістік жарақаттану деңгейін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға бағытталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кәсіподақтардың қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады.
АҚ «Қазақстан электролиз зауыты» техникалық инспекторы Н.Сайтимов еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында “Қазхром” ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.А. Сухотеринмен кездесті. 2021 жылдың 1 тоқсанында 413 жұмыс орындарын аралау жүргізілді, 521 бұзушылық анықталды, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша 130 ұсыныс жасалды, 234 сигналдық парақ ресімделді.
“Қазхром” ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау жөніндегі маманы Л.Рахәділов еңбекті қорғау жөніндегі 94 техникалық инспектордың жұмыс тәжірибесімен және құрамында кәсіподақ өкілдері белсенді жұмыс істейтін кәсіпорынның өндірістік кеңесімен бөлісті.