Павлодар облысының кәсіподақ бірлестіктерінің көшбасшылары қызметкерлерді вакцинациялауды қолдайды

Қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау – әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі басым бағыттар.

Барлық салалар кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары еңбек ұжымдарында вакцинациялаудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өйткені өндірістік ұжымның тұрақты жұмысы үшін вакцинацияланған қызметкерлер инфекциядан сенімді қорғалған.

Бүгін, 20 тамызда кәсіподақ көшбасшылары Павлодар облысы бойынша “Ел үшін егілемін” қоғамдық штабының басшысы Ризабек Исабековпен кездесті.

Кездесудің мақсаты – СOVID-19-бен күрес бойынша бірлескен шараларды талқылау.

“Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін және СOVID-19-ға қарсы күрес бойынша вакцинациялаудың артықшылықтарын түсіндірумен айналысады”, – деді “Қазметаллкәсіп” тау-кен металлургия саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова.

“Біздің қызметкерлеріміздің құқықтары мен денсаулығын қорғау әрқашан кәсіподақтардың басымдығында!”, – деп атап өтті “Павлодарэнерго” жергілікті кәсіподағының төрағасы Б.Төлеубаев.

“Қазіргі уақытта кәсіподақ түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Екібастұз Болат Нұржанова атындағы МАЭС-1-де жұмысшылар ұжымының 86%-дан астамы егілді, бұл қауіпсіз еңбекке ықпал етеді”, – деп бөлісті Т.Чигвинцева.

“Татуласу орталығы” татуластыру орталығының басшысы М.Иванова жедел желіге шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпорындары қызметкерлерінің вакцинациялаудың міндеттілігі туралы өтініштері келіп түскенін атап өтті, бұл ретте міндетті вакцинациялаудың барлық құқықтық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабы мен 39-бабымен реттелгенін, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында құқықтарды шектеуге мүмкіндік беретінін түсіндірілді.

“Қазхром ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Сухотерин жұмыс тәжірибесімен бөлісті, онда вакцинацияланған қызметкерлердің пайызы 70%-ға жетті, “Қазақстан алюминийі” АҚ бастауыш кәсіподақ төрағасы М.Қалижанов вакцинацияланған қызметкерлердің пайызы бір ай ішінде 50%-дан 82%-ға дейін өскенін айтса, “Павлодарэнерго” жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев кәсіпорындарда вакцинацияланған қызметкерлер саны 70%-ды құрайтынын айтты, “Батыр Көмір жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасының орынбасары С.Михайлюк вакцинацияланғандардың пайызы 56%-дан асқанын атап өтті.

Павлодар облысының кәсіподақтары ең көп қоғамдық институт ретінде “Ел үшін егілемін” азаматтық штабымен өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.