Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның отырысында әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы айтылды

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның өкілдері онлайн-кездесуде көптеген жұмыскерлерді толғандыратын Қазақстан Республикасында әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы мәселені қарастырды.

Ашық диалогқа Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның тең төрайымы Татьяна Шатохина, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы, Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Қарағанды облыстық комиссиясының төрайымы Алмакүл Өсерова, «KYZMET» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының мүшесі Марина Бачаева, Салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының аумақтық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы зейнетақы заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Марина Бачаева өзекті зейнетақы мәселесі бойынша негіздемесі бар сындарлы ұсыныстар туралы сөз сөйледі.

Онлайн-кеңеске қатысушылар әйелдерге қатысты зейнетақы заңнамасын дамытудың өмірлік маңызды бағыттары бойынша пікір алмасты.

Жан-жақты диалог нәтижесінде әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтпай, 60 жасында зейнетке шығу бойынша атқарымдарды қолдау және осы мәселені одан әрі қарау үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияға ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді мемлекет тарапынан көтермелеу туралы ұсыныс талқыланды.