Жыл сайын өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Ынтымақ» салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалына қарасты №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы көпбалалы және жалғызбасты аналардың балаларына көмек көрсетуді ұйғарды. Акция аясында 10 балаға киім мен оқу құралдары, кеңселік керек-жарақтар табысталды.
«Біз өз бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балаларына көмек береміз. Балалар – еліміздің болашағы. Олардың қатарларынан қалмай, мектепке баруларына қолдан келген мүмкіндікті қарастырамыз», – дейді шараны ұйымдастырушылар.