Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Петропавловка орта мектебінің мұғалімі Қуаныш Құрмашев ауыл балаларын спортқа баулып, үлгі болып жүр. Жеңіл атлетикамен 14 жылдан бері айналысады. 32 жастағы спортшы Оралдан Ақтөбеге дейін жүгіріп келуді алдына мақсат етіп қойған екен.
15 тамызда Оралдан марафоншыны орталық паркте “Uralsk Runners” клубының жастары шығарып салды. Ол Ақтөбеге тас жол бойымен бағыт алы. Қасына бір көлікпен достары мен інілері еріп отырды.