Владимир Кооп – үлкен жұмыс тәжірибесі бар және «КАЗУГЛЕПРОФ» салалық көміршілер кәсіподағы «Қорғау» көміршілер кәсіподағының құрамына кіретін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің И.Костенко атындағы шахтаның бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы болып табылады.
2006 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланғанға дейін ол Костенко атындағы шахтада бригадир болып еңбек етті. Шахтер Владимир Павлович шахтадағы озық бригадалардың бірін 30 жылдан астам уақыт бойы басқарды және көміршілер арасында оның ұжымында жұмыс істеу құрмет деп есептелді. 2002 жылы оған ең жақсы кәсіпқойлардың бірі ретінде Костенко және «Тентек» шахталарында рекордтық көмір өндіру бригадасын басқару сеніп тапсырылды.
Қоғамдық жұмыс атқара отырып, кеншілер ұжымында лайықты құрмет пен беделге ие болды. Адалдық, парасаттылық, үлкен кәсібилік және өмірлік тәжірибесі көп, адамгершілік сияқты қасиеттер кәсіподақ комитетінің төрағасына кеншілердің еңбек мәселелерін әртүрлі деңгейлерде және кез келген жағдайларда үлкен табыспен шешуге көмектеседі.
Жұмысшылардың мүдделерін қорғау ісінде Владимир Павлович нағыз кәсіподақ көшбасшысының үлгісі болып табылады.
Сонымен қатар, керемет отбасылық адам, сүйікті әке және ата, сондай-ақ әдемі хоббиі бар – халықаралық деңгейде марапатталған көгершін өсірудің танымал әрі беделді маманы.
Владимир Павловичтің еңбегі келесі наградалармен атап өтілген: «Кенші даңқы» белгісінің толық кавалері, КСРО ХШЖК, «Еңбек ардагері» медальдары, «Құрметті кенші» және «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атақтарының иегері. Қоғамдық қызметі «Дүниежүзілік кәсіподақтар Конфедерациясы» Халықаралық кәсіподақ ұйымының грамотасымен атап өтілген.