«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында филиалдың құрамына кірген Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ ұжымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне байланысты тарихтан сыр шерткен басқосуда құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» орталықтың бас бухгалтері Әсел Әзімхан, «Алғыс хаттарымен» орталықтың сапаны бақылау сарапшысы Ләззат Жабағиева және орталықтың инспектор-операторы Тоғжан Әбіш марапатталды.
Жиын соңында сөз алған орталық басшысы Азат Амиртаев барша қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, кәсіподаққа деген шынайы алғысын жеткізді.