Кеншілер мерекесі аталып өтілді

Шахтерлер күні қарсаңында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Богатырь Көмір” ЖШС көмір өнеркәсібі қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Көп жылғы адал және жемісті еңбегі, көмір өнеркәсібі жүйесіндегі жоғары кәсібилігі, кәсіпорынның дамуына қосқан жеке үлесі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ-нің төрайымы атынан Михайличенко В.Г., Дементьев А.В., Недугова Е.В., Курмангалиева К.Р., Шингишев У.К., Шапоренко А.П. Құрмет грамоталарын, сондай-ақ “Қазкөміркәсіп” салалық кәсіподағынан Құрмет грамотасын кәсіподақ мүшелері – Айдарханов М., Жайдаров А., Шапоренко А.П. В.Васильев, В.Кочерга, А.Шингишев алды. Жергілікті “Батыр Көмір” кәсіподағының Құрмет грамоталарымен Ш.Тілеубаева, сондай-ақ Ф. Балабан “2 дәрежелі Шахтер даңқы” белгісімен, А.Дементьев “3 дәрежелі Шахтер даңқы” төсбелгісімен марапатталды.

“Кеншілер күні – бұл біздің кәсіби мерекеміз, екінші жыл біз оны пандемия жағдайында атап өтеміз, бірақ бұл біздің мамандығымыздың маңыздылығын төмендетпейді!”- деді “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Сергей Михайлюк.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі көмір өнеркәсібінің барлық қызметкерлерін мерекемен құттықтайды!