Конституция күні мерекесі қарсаңында кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов филиал құрамындағы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-сі кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, Еңбек қатынастарына байланысты заңдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Конституция күні мерекесімен құттықтап, қызметкерлерге наградалар табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен орталық басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Перизат Еркімбайқызы, «Құрмет грамотасымен» орталықтың кадр инспекторы Жанатта Жүрсінбекқызы және «Алғыс хатымен» орталықтың психологы Гүлнара Есбердіқызы марапатталды.