Ақтөбеде облыстық кəсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев пен татуласу орталығының заңгері І. Кенжебаевтың, № 3 қалалық сотының судьялары және “Атамекен” кәсіпкерлер паласы Ақтөбе филиалының жетекшісі Сұлупан Шынтасованың қатысуымен бірлескен онлайн кездесу өтті.
Семинарда кəсіподақ орталығының жетекшісі А.Əмірғалиев пен татуласу орталығының заңгері І.Кенжебаев пен судьялар жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауға қатысты туындаған сауалдар мен шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылардың кәсіподаққа мүшелікке өту, т.б. мәселелерді талқылады.
Ақтөбе облысындағы шағын кәсіппкерлік саласында еңбек ететін жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен уақтылы жалақы алулары, олардың еңбек құқықтарын заң аясында қорғау, ұжымдық шарт жасау мәселелері кеңінен сөз болды. «Бірлескен жұмыстар қашан да нәтижелі боларына сенімдіміз. Біз соттармен және “Атамекен “палатасымен ортақ мақсат жолында өзара ынтымақтастық меморандумын жасағалы отырмыз», – деп атап өтті Ақтөбе кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев.
