Үлкенге құрмет көрсетілді

25 тамыз күні «Батыс су арнасы» ЖШС ұжымы Нина Марьянованы зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтап, құрметті демалысқа шығарып салды.

Нина Алексеевна Марьянова кәсіпорында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келген. 2018 жылға дейін еңбек бойынша экономист, 2019 жылдан бері есепші болып қызмет етеді. Осы уақыт ішінде Нина Алексеевна әріптестері арасында сыйлы қызметкер, әрі жас мамандарға үлгі ретінде нық сеніммен көрсетуге лайық тұлға бола білді.