Татуласу рәсімдерін қолдану мәселесі қозғалды

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық жасөспірімдер ісі жөніндегі соттың бастамасымен Қарағанды облысының Әділет департаментінің өкілдерінің, Қарағанды облыстық сот орындаушылары аймақтық палатасының сот орындаушыларының және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы Татуласу орталығының өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдерді асырауға алимент өндіруге байланысты қатысты сот бұйрықтарын орындауға байланысты атқарушылық өндірістердің жағдайына қатысты онлайн-кездесу өтті.

Аталған іс-шара барысында орын алатын қиыншылықтар және аталған категорияларға байланысты татуласу рәсімдерін қолдану мәселесі қозғалды.

Өз кезегінде Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық жасөспірімдер ісі жөніндегі сотының төрайымы Динара Мутубаева Татуласу орталығының жұмысына деген оң пікірімен бөлісті.

Татуласу орталығының басшысы С.Шардарбекованың сот орындаушыларының қатысуымен алимент өндіруге байланысты атқарушылық өндірістерді орындау барысында татуласу рәсімдерін қолданудың ерекшеліктеріне қатысты арнайы дәрістер өткізу, сот орындаушыларымен бірлесе жұмыс жасау туралы ұсынысы Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық жасөспірімдер ісі жөніндегі сот басшылығының және Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Рахмет Базыловтың тарапынан қолдау тапты, өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою туралы пікірлер айтылды.