gov.kz: “АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА”

Ақтөбеде КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДА БЕЛСЕНДІЛІК тАНЫТУДА

 Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы  жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қортындылап,Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізді.

Онлайн кездесуге ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева, Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, сондай -ақ Кеңестің мүшелері – салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің бірінші жартыжылдықтағы қызметі туралы баяндамасында 2020-2025 жылдарға арналған ҚРКФ қызметінің стратегиясында қойылған міндеттердің орындалуы туралы баяндады.

Кәсіподақ орталығының мәліметі бойынша, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында салалық қәсіподақ ұйымдарының 10-нан астам филиалдары және 15 жергілікті кәсіподақта біріктірілген 1177 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. 132 мың кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен еңбек құқықтары кәсіподақтардың қорғауына алынды.

Бірінші жартыжылдықта облыста 2 мыңға жуық кәсіподақ мүшелерін қамтитын 7 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Алтынбек Әмірғалиевтің айтуынша, облыста әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру аясында ағымдағы жылдың мамыр айында еңбек қатынастарын реттеудің жаңа тәсілдерін қарастыратын аймақтық Үш жақты келісімге қол қойылды.

«Үшжақты келісімге еңбек инспекциясына тіркелгенге дейін кәсіподақ орталығының ұжымдық келісімдерді бақылау нормалары кіреді. Бүгінгі таңда барлық ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізілді, 153 құжат заңға сәйкес келтірілді» – деді Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының төрағасы.

Барлығы, оның айтуынша, облыста 64% кәсіпорын ұжымдық шартпен қамтылған, 9075 ұжымдық шарт күшінде.

Әлеуметтік әріптестіктің бірден-бір негізі бұл облыс әкімі басқаратын үшжақты комиссия.

«Кездесулер айына 2 рет өткізіледі, оған барлық аудан әкімдері мен тікелей кәсіпорын басшылары қатысады. Алты ай ішінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты облыстық комиссияның 9 отырысы өткізілді. Үшжақты комиссия қабылдаған шешімдер аясында құрылған өндірістік кеңестер санын көбейтуге, жұмысшылардың жалақысын 20-дан 40%-ға дейін көтеру мәселелерін шешуге мүмкіндік туды», – деді кәсіподақ орталығының төрағасы.

Ол еңбек дауларын шешу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Кәсіподақ орталығының мәліметінше, жыл басынан бері облыста бір қатар еңбек даулары орын алды.

«Шындығында, Кәсіподақтар орталығы біраз еңбек дауын шешуге қатысты, кейбір ұжымдарда кәсіподақ жоғына қарамастан, біз барлық ереуілдер мен еңбек дауларына қатыстық. Нәтижесінде жұмысшылардың кәсіподаққа деген сенімі артты, жаңа кәсіподақ ұйымдары құрылды», – деп атап өтті АКБ төрағасы.

Оның айтуынша, облыстың еңбек ұжымдарындағы жағдай тұрақты бақылауда. Кәсіподақтар орталығында «Еңбек тәуекелдерінің картасы» әзірленді, прокуратурамен, еңбек инспекциясымен және соттармен бірлескен әрекеттердің алгоритмі жасалды.

Кәсіподақ орталығының төрағасы жалақыны көтеру және жұмыс орындарын сақтау шаралары туралы да баяндады.

«Бүгінгі күні облыста 5455 үшжақты меморандумға қол қойылды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 51% құрайды. Бұл шара жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, 100-ге жуық кәсіпорын 50 мыңнан астам қызметкердің жалақысын орта есеппен 15-20% -ға арттырды», – деді атап өтті АКБ төрағасы.

Алтынбек Әмірғалиев атап өткендей, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету саласында елеулі шаралар жүргізілуде.

«Жыл басынан бері Татуласу орталығына 50 -ден астам адам жүгінді, 36 жазбаша өтініш берілді, олардың көпшілігі бітімгершілікпен аяқталды. 19 сәуірде «Заң клиникасы» құрылды, оның құрамына облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, салалық кәсіподақтардың өкілдері кірді. Бұл жұмысты жандандыру үшін студенттерді тарту мақсатында жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасау жоспарлануда», – деді Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының төрағасы.

Облыс кәсіподақтарының ерекше назар аударатын мәселелер қатарына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету де кіреді.

Бірінші жартыжылдықта 45 апат жазатайым оқиға, онда 56 жұмысшының жарақат алғанын, 8 адамның қайтыс болғанын айтты.

Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың ең көп саны тау -кен металлургия өнеркәсібі, мұнай -газ және құрылыс өнеркәсібі кәсіпорындарында болады.

«Қазіргі уақытта 20 кәсіпорынмен өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша шаралар жоспары жасалды, Ақтөбе облысының кәсіпорындарында 950 өндірістік кеңес жұмыс істейді, оның 80% кәсіподақтардың бастамасымен құрылған. Қоғамдық бақылауды 1,5 мың техникалық инспектор жүргізеді. Жыл басынан бері техникалық инспекторлар мыңға жуық тексеру жүргізді, онда 2 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды», – деп атап өтті Кәсіподақтар орталығының төрағасы.

Сонымен қатар, Алтынбек Әмірғалиев шешуді қажет ететін бір қатар өзекті мәселелер туралы да баяндады.

Кездесу барысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және  Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалдарының жұмыстары да тыңдалды.

Кездесуді қорытындылай келе, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының қызметіне оң баға берді.

2020-2025 жылдарға арналған Стратегияны іске асыру аясындағы ҚРКФ міндеттері туралы айта отырып, әлеуметтік әріптестік мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Гүлнәр Жұмагелдиева ұжымдық шарттарда еңбекақыны индекстеу мәселелерін міндетті түрде бекіту мен ұжымдық шарттардың сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

ҚРКФ төрағасының орынбасары кеңес қатысушыларына кәсіптік одақтар федерациясының құқықтық көмекті күшейту, кәсіподақ мүшелерінің біліктілігін арттыру  мен кәсіподақтар федерациясының басқа да бірінші кезектегі міндеттері бойынша қолға алынып жатқан шаралары туралы ақпарат берді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/article/details/60755?directionId=13187&lang=kk