qazaqstan.tv: “Еңбек дауларының 70 пайызы оң шешімін тапты”

Еңбек дауларын шешудің бірден-бір жолы ол ұжымдық шарттар. Кәсіпорындарда әлі күнге дейін жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы ұжымдық келіссөздер жүргізуге селқостық байқалады. Тек соңғы алты айда кәсіподақтар федерациясы 41 еңбек дауына тікелей атсалысты. Жұмыскерлерден түскен арыз-шағымдардың 70 пайызына дейін оң шешімін тапты. Тілшіміз толығырақ айтып берсін.

Түрлі әлеуметтік мәселелер мен еңбек дауларының өршуіне көбіне еңбекақы мөлшерінің төмендігі себеп болып жатады. Осы ретте кәсіподақтар ұйымының өкілдері жалақыны индексациялау мәселесі әуелі заңнамалық тұрғыда шешілуі керектігін айтады.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Біздің заңнамамызға халықаралық еңбек стандарттарын бірте-бірте ендіру оның бірде-бір жолы осы халықаралық еңбек ұйымының 131-ші конвенциясының ратификациялау. Екінші үлкен мәселе осы тұрғыдан қазіргі таңда мына еңбек заңнамасының сақталуы мына мемлекеттік бақылаудың азаюында.

Елімізде еңбек инспекторларының санын көбейту де маңызды. Жыл сайын олардың компаниялар мен кәсіпорындарға жүргізген тексеріс мөлшері үш пайыздан да аспайды. Бұл өте төмен көрсеткіш.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Eңбек қатынастарын реттеу ол күнделікті өзгеріп жатқан мәселе. Соны реттеу үшін жүйелі, кешенді түрде мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін, әлеуметтік еңбек қатынастарының моделін қалыптастыру үшін біздің ұйғарымымыз бойынша арнайы дербес еңбек министрлігін құру қажет деп санаймыз

Құқықтық сауаттылық бойынша 17 өңірде құрылған татуласу орталықтары да өз үлестерін қосуда. Мысалы, елорда бойынша қызмет ететін орталықта еңбек дауы бойынша 10 істің 8-і оң шешімін тауып жатыр. Сонымен қатар, еңбеккерлердің әлеуметтік мәселелеріне қатысты өңірлік комиссиялардың көшпелі отырыстары кәсіпорындарда тікелей өту керектігі туралы ұсыныс та қазір үкіметте қаралып жатыр.

https://qazaqstan.tv/news/143424/