“Жаңа буынның қауіпсіздігі мен денсаулығы”

28 сәуірде Атырау облысының кәсіподақтар үйінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған “Жаңа буынның қауіпсіздігі мен денсаулығы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шарада Атырау облысы білім басқармасының басшысы Қ.Кенжеғалиев  “Жастардың кәсіби білім алуы мен кәсіби даярлығы” жөнінде, мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбекті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы С. Джаббасов “Жастардың еңбегін қорғау және еңбек қауіпсіздігі” тақырыбында, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г. Аманғалиева “Жастардың кәсіби дағдыларын дамыту және жұмыс орындарымен қамту” атты, еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері Р.Маменова , Елена Сокол “Еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын аттестаттау” тақырыбында баяндама жасады.

Шараға “Тенгизшевройл”, NCOC өкілдері салалық кәсіподақтардың филиал басшылары қатысты.