Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сауықтыру жағдайларымен танысты.
“Қазхром” ТҰК” АҚ-ның 2016-2021 жылдарға арналған Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында бастауыш кәсіподақ ұйымы арасында қол қойылған ұжымдық шартпен жұмыскерлерді сауықтыру мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Қабылданған міндеттемелердің бірі медициналық ұйымдармен жасалған шарттар (келісімдер) негізінде Компания қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
“Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшыларының денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында қабылданған ұжымдық шартқа сәйкес медициналық қызмет “Евразия медициналық орталығы” ЖШС-де жүргізіледі.
2003 жылы құрылған “Евразия медициналық орталығы” ЖШС заманауи және көпсалалы мекеме болып табылады. “Еуразия медициналық орталығында” Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары үшін “Қазхром” ТҰК” АҚ диагностикалау және емдеу, сауықтыру және оңалту емшараларын қабылдау үшін медициналық қызметтердің толық кешенін құрды.
Таныстыру сапарында қатысушылардың назарына дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен зауыттық профилакторий ұсынылды.
Ақсу ферроқорытпа зауыты спорттық кәсіпорын деп аталады. Мұнда спорттың 12 түрі дамып келеді. Зауыттың қызметкерлері мен ардагерлері қажетті медициналық процедураларды алып, зауыттық профилакторийде демала алады.
“Ақсу ферроқорытпа зауыты әлеуметтік бағдарланған, мұнда тегін медициналық емдеу, жұмыскерлерді алдын алу және сауықтыру ұйымдастырылды, металлургтердің денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалды”, – деп атап өтті Г.Жұмагелдиева.