Кәсіподақ – еңбеккерлер қорғаны. Жұмыс жасайтын азаматтардың жалақысы, қауіпсіздігі, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін кәсіподақтар ұйымы барын салады. Кәсіби мерекелері қарсаңында бүгін мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда жылдар бойы кәсіподақ саласында еңбек еткен жандар марапатталды.
10 қазан ел Үкіметінің қаулысымен кәсіподақтар күні атап өтіледі. Осыған орай Павлодар қаласындағы кәсіподақтар үйінде мерекелік шара өтті. Алдымен аталмыш ұйыммен пандемия кезінде жасалған жұмыстардың көрінісі ретінде фотосуреттер көрмесі қойылды. Онда триаж орталықтар, блокбекеттер, медициналық қызметкерлердің суретін көруге мүмкіндік туды. Бүгінгі шараға Нұр-Сұлтан қаласынан келген Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары да қатысты.
Гүлнар Жұмагелдиева, ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
Кәсіподақ мүшелері мен жұмысшыларды толғандыратын сұрақтардың бірі ол жалақы. Кәсіподақтар федерациясы қазір әлеуметтік серіктестермен жұмыс жүргізіп жатыр. біздің көмегімізбен мемлекет басшысы минималды жалақ соммасын 60 мың теңгеге жеткізгені біздің жұмыстың нәтижесі. Тағы бір сұрақтардың бірі еңбек жағдайындағы қауіпсіздік. Бұл әрқашан ашық әрі маңызды болып қалады.Барлық кәсіпорындарда нөлдік жарақаттану болу үшін бәрін жасап жатырмыз.
Ұйымның ең көп кәсіподақ мүшелерін құрап отырғандар ол білім, ғылым саласының қызметкерлері. Облыс бойынша онда 40 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар екен .
Гүлбарам Наурызбаева, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының төрайымы:
Әрине бүгін біз үшін үлкен мақсаттар тұр. Ең ьіріншіден ұстаздар мәртебесін көтеруге ықпалын жасады. Ол еңбекақы. 2023 жылға дейін 2 есе көтеріледі. Жылдан жылға артып келе жатыр. Жылдан жылға ұлғайып кел жатыр.
Шара барысында жылдар бойы кәсіподақ саласында аянбай еңбек еткен жандар марапатталды. Олар федерацияның атынан төс белгілер мен алғыс хаттарға ие болды. Олардың қатарында 30 жылдан аса білім саласында еңбек еткен Клара Назымбекқызы да бар. Кәсіподақ ардагері төсбелгісін иеленді.
Клара Қасымова, кәсіподақ ардагері:
Кәсіподақ ұйымында 15 жылдай жұмыс жасадым. Білім саласында 1986 жылдан бері еңбек еттім. Мереке қарсаңында әріптестерді құттықтаймын. Тек жақсылық тілеймін.
Айта кетсек, еліміз бойынша Кәсіподақ федерациясына 23 салалық, 17 аумақтық және 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіреді. Жалпы онда 2 млн-нан аса мүше бар екен.
https://pavlodartv.kz/kz/news/society/uzdik-kesipodak-uiymy-kyzmetkerleri-marapattaldy?_utl_t=wh