Таңдаған іске адалдық

Құдайберген Коломбитов өзінің еңбек жолын Екібастұз МАЭС-2 станциясында СДТУ цехының электр байланысы желілік құрылыстары мен сым арқылы хабар тарату электр монтері қызметінен бастады. Содан бері 25 жылдан астам уақыт өтті.

Бүгінде Құдайберген Семенұлы 6-разрядты станциялық телефон байланысы жабдығының электр монтері болып жұмыс істейді. Еңбексүйгіштік пен мамандыққа адалдықтың арқасында өз жұмысында үнемі жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, осылайша әріптестерін еңбек жетістіктеріне шабыттандырады, жас кадрлар үшін жақсы тәлімгер және үлгі болып табылады.

– Құдайберген Семенұлы өз мамандығы бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі мен мол практикалық білімі бар, әрқашан құнды кеңес бере алады, — дейді әріптестері. — Ол әрдайым озық тәжірибені қадағалап отырады және оны өз учаскесінде жүзеге асыруға тырысады.

Жұмыстан басқа Құдайберген Коломбитов цех пен станцияның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ұжымда беделді және лайықты құрметке ие.