«Шардара орман шаруашылығы» МКК-да орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шолданбаев Сапарғали «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекемен құттықтау мақсатында Түркістан облысы, Шардара ауданы, «Шардара орман шаруашылығы» МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымына барды.

Кәсіпорында 80 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100 пайыз кәсіподақ мүшесі.

Айтулы мереке қарсаңында Сапарғали Мамырбекұлы кәсіпорында еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне құттықтау сөз сөйлеп, орман шаруашылығы саласында атқарып келе жатқан еңбектері үшін үздік қызметкерлерге медалдар мен алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, кәсіпорын еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.