“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2021 жылғы 16 қазанда Павлодар медициналық жоғары колледжі базасында Павлодар облысының медициналық ұйымдарының ерлер мен әйелдер арасындағы жеке біріншілікте
Жарысқа 12 ерлер және 13 әйелдер командалары қатысты. Командалар қалалық және аудандық ұйымдардың медициналық қызметкерлерінен тұрды. Кез келген спорттық іс-шара достық байланыстарды нығайтуға және медициналық ұйымдарда спортты насихаттауға ықпал етеді.
“Теннис үстеліндегі қарсыластардың күресі ең маңызды болды, бірақ турнир достық амтосферасында өтті”, – деді “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ ҚҚБ Жастар кеңесінің төрайымы С.Исина.
Ерлер командалары арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: турнир чемпионы «Мойылды шипажайы» АҚ болды, күмісті Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы жеңіп алды, ал қола Ақтоғай аудандық ауруханасына бұйырды.
Әйелдер командалары арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: турнир чемпионы Ақсу қаласының қалалық ауруханасы болды, күмісті Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы жеңіп алды, ал қола Ақтоғай аудандық ауруханасына бұйырды.
Жүлдегерлер кубоктармен, құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.