Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының марапатына “Богатырь Көмір” ЖШС экскаватор машинисі Виктор Николаевич Алексеев ие болды. “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподақ” ҚБ мүшесі болып табылатын ол 40 жылдан астам уақыт өндірісте және кәсіподақ жұмысына қатысады. Виктор Николаевич жергілікті кәсіподақтың ұйымдастырушысы, сондай-ақ №3 өндіру учаскесінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор болып табылады.
– Көмір өндіретін кәсіпорынға әскерден кейін келіп, машинист көмекшісінен бастадым, – деді В.Алексеев. – Бірден кәсіподаққа кірдім, ол кезде, әрине, басқаша аталатын. Бірақ қазір де жергілікті “Батыр Көмір” кәсіподағына адал болып қалдым, өйткені нақты істерді көріп тұрмын. Кәсіподақтың техникалық инспекторы ретінде ауысым сайын өндірістегі қауіпсіздік техникасына назар аударамын – кейін оның салдарын жоюдан гөрі, кез келген бұзушылықтың алдын алған дұрыс деп санаймын, – дейді Виктор Николаевич .
“Еңбек озаты” кәсіподақ марапаты Виктор Николаевич Алексеевтің еңбекті қорғау және компания қызметкерлерінің құқықтарын қорғау саласындағы белсенді жұмысының айқын көрінісі болып табылады.