Бастауыш кәсіподақ ұйымының елеулі еңбегі атап өтілді

Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін белсендендіру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында ҚРКФ Бас кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №6.5 қаулысына сәйкес «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау-сайысы өтті. Бұл сайысқа Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы да қатысты.

Ұйым облыстық білім және ғылым саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында жүлдегер атанып, республикалық сайыста белсенді қатысқаны үшін 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Бұл сайысқа қатысып, жүлдегер ұйымдар арасынан көрінудің өзі кәсіподақ жұмысының жандануына, кәсіподаққа деген сенімнің артуына себепкер болды.